Мақалалар дегенге қайта келу

Саяжайда арқаны әлсіретпеуге көмектесетін ережелер 

Жаздың басында бау-бақша істері әдетте қызу жүреді. Сіз көшеттерді отырғызып, бұталарды кесіп, жүйектерді арамшөптерден тазарту керек. Бірақ мұндай жағымды әрекеттермен бірге әдетте саяжайлық жағдай орын алады: арқадағы қаттылық, буындардағы ауырсыну, шамадан тыс жұмыс. 

Бұған жол бермеу үшін, мақаланы оқыңыз. Бақшадағы ұзақ жұмыстан кейін белді дені сау етіп сақтауға көмектесетін 6 амалды жинадық.   

1. Бұлшықеттерді алдын ала қыздыру 

Қазір саяжайда жұмыс өте көп екені түсінікті – бірақ сонда да, ерлік жасап, бір демалыста барлығын бірақ жасаудың қажеті жоқ. Мұндай үйреншікті емес жүктеме диванда күзгі-қысқы жатудан кейін арқадағы ауырсынудың асқынуына жылдам әкеледі. 

Сондықтан бұлшықеттерді алдын ала дайындау қажет - тура спортзалдағы жаттығудың алдындағы сияқты. Әдеттегі денені қыздыру қолайлы келеді – тартылу, еңкею, қолдар мен аяқтардың айналмалы қозғалысы, дененің бұралуы.    

Жақсы, егер белсенділікті біртіндеп арттыра алсаңыз. Таңертең ерте бірден қолға күрек алудың қажеті жоқ – жеңіл жұмыстан бастауға болады. Мысалы, таңқурай және қарақат бұталарын өңдеп, қырқыңыз. 

2. Ауыр заттарды дұрыс көтеру 

Егер көшеттер салынған жәшікті, картоп салынған қапты немесе су құйылған шелекті көтеру қажет болса, дұрыс техниканы сақтаңыз. Ауыр атлетикадағы спортшылардың ауыр салмақты қалай көтеретінін еске түсіру жеткілікті – олар арқаны емес, аяқтың бұлшық еттерін пайдаланады, олар жүктемемен әлдеқайда күшті және тиімді жұмыс жасайды.  

Жай ғана тізеңізді бүгіңіз, отырыңыз, жүкті қолыңызға алыңыз, оны өзіңізге қарай тартыңызз және салмақты көтере отырып, аяғыңызды түзетіңіз. Бұл техника  көптеген арқа проблемаларын болдырмауға көмектеседі.     

Күрт қозғалыстардан аулақ болу керек және бәрін бірқалыпты, бұралусыз және бұрылыстарсыз жасау керек.  Егер мүмкін болса, ауыр затты бөліктерге бөліп, оны бірнеше рет тасыған дұрыс. Бір нәрсені рюкзакқа салып, арқаға іліп алуға болады – осылайша жүктеме біркелкі бөлінеді.   

3. Ыңғайлы қалыпты таңдау 

Күннің соңында бақшаны ұзақ уақыт арамшөптерден тазартқаннан кейін, кейде сіз белдегі ауырсынуды сезінесіз, ал арқаңызды жай ғана соза алмайсыз. Барлығына кінәлі дұрыс емес қалып – көптеген саябақшылар жүйектерге дөңгелек арқамен еңкейеді, сонымен бірге аяқтарын түзу қалдырады, және бірнеше сағат бойы осылайша тұрады. Бірақ егер осындай «бүкірейген» күйде ұзақ уақыт болсаңыз, бұлшықеттер бұл қалыпты «есте сақтап қалады» - қысулар мен ауырсынулар пайда болады.   

Сондықтан арқаңызды мүмкіндігінше тік ұстау маңызды. Мысалы, сіз төрт аяқтап немесе тізерлеп жұмыс істей аласыз, олардың астына жұмсақ нәрсе қойюға болады.  Тағы бір нұсқа – арнайы тізе жастықшаларын сатып алу немесе кішкене орындықта отырып, жұмыс істеу. 

4. Салқын тиюді болдырмау 

Ауа-райы жымысқы болуы мүмкін. Таңертең күн шығып тұрғандықтан, бақшаға жеңіл  киініп шықтыңыз. Күндіз жел көтеріліп, белсенді жұмыстан кейін дымқыл арқаңыздан өтпежел өтіп кетті. Нәтижесінде бұлшықет талшықтарының қабынуы мүмкін: миозит пайда болады, бұл арқадағы өткір шаншу ауырсынуына әкеледі. 

Мұндай жағдайда ауа-райын үнемі қадағалап, дұрыс киімді таңдаған жөн - желдің немесе суықтың алғашқы белгілерінде жылы нәрсе кию керек. Сондай-ақ беліңізді орап алуға болады –  «шаншумен» және оның салдарымен күрескеннен гөрі сәл терлеген жақсы.    

5. Жұмыста үзіліс жасау 

Өз күшіңізді есептеу және норманы білу маңызды – жүйектер бойынша нағыз «жүгіріс» жасауға және күннің соңында ертеңгі таңда өтіп кетпейтін ауру арқамен жатып қалмауға қарағанда, ең дұрысы қалыпты жұмыс істеу.   

Жұмыс пен демалысты міндетті түрде кезектестіру қажет - әр 30-45 минут сайын 5-10 минуттық үзіліс жасау. Егер күн барысында әртүрлі жұмыстармен дене қалпын өзгерте отырып – отырып, тұрып немесе тізерлеп жасаған дұрыс. Бұл омыртқа мен буындарды шамадан тыс жүктейтін статикалық қалыптардан аулақ болуға көмектеседі.   

6. Дұрыс матрас таңдау 

Әдетте, саяжайға ең ескі және қажетсіздердің бәрі әкелінеді, соның ішінде мыжылған жұмарланған матрас, содан кейін оның үстіне түнейді. Бірақ оның сапасына арқаның денсаулығы да, бақшадағы қиын күннен кейін түнде демалу мүмкіндігі де байланысты.  

Матрасты таңдауға арналған кішігірім кеңес: ол қатты болуы керек - осының арқасында омыртқа өзінің табиғи күйін қабылдайды. Ұйықтауға ыңғайлы болу үшін, үстіне жұмсақ көрпе немесе матрасқап төсеуге болады.   

Егер арқаңыз ауырып қалса, не істеу керек? 

Бұл жағдайда кез-келген жұмысты тоқтатып, арқаңызға кем дегенде 2-3 күн тыныштық беру маңызды. Саяжайда осы уақыт ішінде қорқынышты ештеңе болмайды, бірақ жағымсыз асқынулардың алдын алуға болады. 

Ауырсыну синдромын жеңілдетуге және жағдайды қалпына келтіруге көмектесу үшін ауырсынуды басатын және қыздыратын жақпа қолдануға болады – мысалы, Капсикам®. Оның құрамында арнайы таңдалған дозаларда бірден 5 белсенді зат бар: 

  • нонивамид (қабықты бұрыштан жасалған күйдіретін заттың аналогы) ауырсынуды азайтады және тері тамырларын кеңейтеді – осы жерде жақпамайды жаққаннан кейін жылу сезімі пайда болады; 
  • диметилсульфоксид қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын әсер көрсетеді, сонымен қатар препараттың басқа компоненттерінің тері арқылы ауырсыну ошағына өтуіне ықпал етеді; 
  • бензилникотинат тамырларды кеңейтеді және қан айналымын жақсартады, оның ішінде зақымдану ошағында; 
  • скипидар және камфора қан айналымын қосымша күшейтеді, аурырсынуды азайтады. 

Капсикам® жақпамайының аз мөлшерін (1-3 г) күніне 2-3 рет аппликатор көмегімен ауырсыну аймағына жұқа қабатпен жағу керек. Киімді ластаудан қорықпауға болады -жақпамай тез сіңеді және матада қалдық қалдырмайды.   

Қарсы көрсетілімдері бар, маманның кеңесін алу қажет.